1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.
Бұл күні балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау, оларға қамқорлық жасау дәріптеледі.Балалар - адамзаттың жалғасы, ата-аналар үшін өмірдің мәні мен қуанышы, олар халықтың және елдің басты байлығы. «Бақытты бала - бақытты ел» атты Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акция аясында мектеп директоры Д.Жолдасова балаларды осы маңызды күнмен құттықтады. Мектеп әкімшілігі және демеушілер көп балалы отбасынан шыққан 5 балаға сыйлық және «Алем Синема» кинотеатрына 6 билет беріп, ата-аналарына балаларды тәрбиелеудегі ереулі еңбегі мен сүйіспеншілігі үшін алғыс айтты.
#ҚОББтәрбие @goroo_balkhash @kopd_mon_rk# #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНР# @karagandyoblysybilimbaskarmasy
Дата:
1.06.2021, 8:38 Автор:
№9 ОМ