№9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау-2021!» атты мерекелік жиынның ақпараты
Жалпы білім беретін №9 мектебінде түлектер үшін «Сәт сапар, саған жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 2020-2021 оқу жылындағы 31 түлектің жетістіктерін айтып қарсы алынды. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды.Мектеп директоры Д. Жолдасова 11 сынып түлектеріне құттықтау тілегін арнады. Мерекелік жиында 1 сынып бүлдіршіндері түлектерге арналған тілектерін тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, ұстаздарға алғыс білдірді. Жиын соңында, соңғы қоңырау соғу салтанатын 11 сынып оқушылары Шлатай Аружан, Жақсылық Дарын және 1 сынып оқушылары Маралбек Сұлтан Бейбарысқа, Бижанова Раянаны тапсырылады. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.
Дата:
25.05.2021, 12:48 Автор:
№9 ОМ