«Әдептілік – тәрбие бастауы»
2021 жылдың 18 мамыр күні 5-11 сынып қыз балаларына «Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбынаZOOM платформасы арқылы қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «Балауса» ұйымының жетекшісі қыздарға әдептілік жайлы, адамгершілік жайында сөз қозғады. Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлгені туралы, қыз баланың болашақ ана екендігін, сондықтан осы бастан өз-өзіне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.Қыздар арасында пікірталас жүргізіліп, әр қыз бала өз ойларын айтты. Жиналыстың соңында мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Қасымова Алтынгүл өз тілегін білдіріп, жиналысымызды қорытындылады.
Дата: 19.05.2021, 10:50 Автор: №9 ОМ