«Отбасы-бақыт мекені»

«Отбасы-бақыт мекені»
15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.Бүгін, 13.05.2021ж мектеп кітапханасында 9 сынып оқушыларының қатысуымен Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Отбасы-бақыт мекені» атты кітапханалық сағат өтті. Мектеп кітапханашысы оқушыларды отбасындағы тәрбие туралы жазылған ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстырып өтті, «Отан отбасынан басталады» атты кітап көрмесіне шолу жасады.Оқушылар да өздерінің оқыған шығармалары туралы айтып,отбасындағы тәрбие туралы өз ойларымен бөлісті.
Дата: 14.05.2021, 9:11 Автор: №9 ОМ