Ұлы Жеңістің 76 жылдығы кездесу
29.04.21 күні мектебімізде Жалпы ұлттық "Қайырымды істер марафоны" жобасы аясында «Жас Ұлан» және Өзін -өзі басқару ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30жылдығына және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай Балқаш қаласының тыл ардагері Жоламанов Аскенмен кездесті. Кездесу барысында ардагер атамыз өзінің басынан өткен жағдайларымен, естеліктерімен, сұрапыл соғыстың Отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын айтып, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу екендігін атап өтті. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тыл ардагеріне көкейдегі сауалдарын қойып, естелікке фотоға түсті. Кездесу соңында ардагер атамыз мектеп ұжымына ізгі тілектерін айтып, еңбегімізге табыс тіледі.
Дата:
30.04.2021, 10:43 Автор:
№9 ОМ