«Жас өреңге айтарым бар құлақ салса»
23.04.2020 күні Мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұймының президенті Касымова Алтынгүлдің ұйымдастыруымен «Жас өреңге айтарым бар құлақ салса» тақырыбында «Мейірім» аналар ұйымының жетекшісі ұлағатты ұстаз Әбдіғаппар Үміт Сейітжанқызымен 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өткендіктен оқушылар ғана емес сондай-ақ қызығушылық танытып кірген ұстаздарымызда болды. Кездесу барысында ұстазымызға басынан кешірген қызықты оқиғалар жайлы, ең сүйікті пәні , Желтоқсан оқиғасына қатысты , отбасына қатысты сұрақтар қойылды. Үміт Сейітжанқызы оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, өнегелі өмірінен естеліктер айтты. Өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстазымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін айтып өтті. Оқушылар ұстазымызға деген жүрекжарды тілектерін білдірді.
Дата:
23.04.2021, 18:58 Автор:
№9 ОМ