Размер шрифта:

«Біз болашаққа жауаптымыз»

«Біз болашаққа жауаптымыз»
«Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен №9 жалпы білім беретін мектебінің «Сенім» еріктілер тобы, мектеп түлектері, ата- аналар, ұстаздар мектеп маңына ағаштар отырғызды. "Бір тал кессең, он тал ек" дейді халық даналығы, өзіміз мекендеп отырған ауылымызға сəн берер, қоршаған ортаны зиянды ауадан зарарсыздандырып отыратын жасыл желектеріміз ну орманға айналып, шəкірттерімізге көтеріңкі көңіл-күй мен мықты денсаулық сыйласын деген тілегіміз бар. Ендігі міндет, тал шыбықтарымыз мəуелі терекке айналғанша тынымсыз еңбектеніп, күнделікті қадағалау болмақ.
Дата: 23.04.2021, 17:35 Автор: №9 ОМ