Жалпы білім беретін №9 мектебінің «Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналыс ақпараты

Жалпы білім беретін №9 мектебінің «Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналыс ақпараты
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін 13.04.21 күні 5,6,7 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды. Күн тәртібінде:«Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері», «Орталық саябақта жасалған бұзақылықтар» жайлы мәселелер қаралды. «Жас қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі С. Елшибеков баяндама оқып, бейнебаян көрсетіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дата: 14.04.2021, 9:22 Автор: №9 ОМ