Мектеп президентінің қайта сайлауы туралы ақпарат
09.04.21 күні мектебімізде 8-10 сынып оқушылары арасында мектеп президентінің сайлауы болып өтті. Сайлау барысында үміткер оқушылар жайында 5-11 сынып оқушыларына хабарланды. Президенттікке үміткер 14 оқушы қатысты. Мектеп президентін сайлауы оқушылар мен мұғалімдердің дауыс беруі арқылы өтті. Дауыс беру кезінде ең көп дауыс жинаған 10 сынып оқушысы Қасымова Алтынгул мектеп президенті болып сайланды. Қасымова Алтынгул өзінің жұмыс жоспарымен танысып, алға қойған мақсат міндеттерін атап өтті. Қалған оқушылар 8 фракция бойынша тағайындалды:
Қамқорлық (Еріктілер) фракциясы – Кенжехан Олжас
Дебат фракциясы – Алпысбаева Аяна
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы – Жеткін Думан
Құқық және тәртіп фракциясы – Алмишов Нұртілек
Өзін-өзі тану және Бақыт фракциясы – Бөде Жұлдыз
Экология және Еңбек фракциясы – Сагынтаева Дамира
Мәдениет және Өнер фракциясы – Берікбол Мадина
Ақпарат фракциясы – Абдирова Дильназ
#ҚРБҒММОНР#@karagandyoblysybilimbaskarmasy
@goroo_balkhash @kopd_mon_rk# #RUMCDOMONRK
Дата:
10.04.2021, 8:49 Автор:
№9 ОМ