Жалпы ұлттық "Қайырымды істер марафоны"
18 наурыз - Игі істер күні. Жалпы ұлттық "Қайырымды істер марафоны" жобасы аясында, Ұлыстың ұлы күні мереке қарсаңында, «Қайырымдылық- адамгершіліктің белгісі» ұранымен «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығына №9 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы қайырымдылық жасады. Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай ғана болған бұл игі іс-әрекеттердің өзі егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалғаны белгілі. Өз кезегінде қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізі мен қол ұшын аямай, қолдап келген жәрдемін ұсынып отырған №9 мектеп ұжымына «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығының директоры Терликпаева Дәкен Шайкенқызы үлкен ризашылығын білдірді.Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Қашан да айналасына жүрек қалауымен көмек көрсетер жандар көп болсын! #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ#
Дата:
18.03.2021, 10:50 Автор:
№9 ОМ