«Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»

«Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»
15.03.21 күні мектебімізде «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.Оқушыларға семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер берілді. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық ақпараттар берілді. 1991 жылдың 28 тамызында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Бұл еліміз үшін әлем тарихындағы маңызды оқиға болды. Ядролық сынақтарды тоқтатуға Олжас Сү¬лей¬менов басқарған “Невада-Семей” қозға¬лы¬сының белсенді қызметі көп жәрдемдесті.Полигон орнына қойылған мемориалдық ескерткіш бейбітшілікті, соғыстың болмауын, береке мен бірлікті, өткен күннің қаһарлы қасіретін білдіретіндігі жайында ақпараттар берілді.
Дата: 15.03.2021, 15:17 Автор: №9 ОМ