Ақпарат

Ақпарат
Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қ. филиалы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен бірлескен жоба аясында мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау мақсатында онлайн сабақ өткізу Балқаш қаласының №9 жалпы білім беретін мектебінде 02.03.2021 ж 2 «ә» сыныбында математикадан «Теңдеудің күрделі түрі және оларды шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Қыдуакасова Б.Т сабақта «Ойлан, жұптас, бөліс» «Тарсия» әдісі арқылы және «қатесін тап» ойыны арқылы жай теңдеу шешуді қайталай отыры, күрделі теңдеудің шешілу жолын үйретті. «Ұлттық тағамдар» ортақ тақырыбы бойынша «наурыз көже» дайындау жолын түсіндіріп, қажетті өнімді өлшей отыры күрделі теңдеуді есептеуді үйретті. Рефлексия бөлімінде «бағалау ағашына» қолданып, сабақты қорытындылады. 04.03.2021 ж 5 «ә» сыныбында «Энергияның өзара түрленуі» тақырыбында жаратылыстану пәнінен Рахмет Г.Х сабақ өткізді. Сабақта «Ақылды доп» әдісі арқылы өткенді қайталап, жаңа тақырыпқа ауысты. Ойын машинасы арқылы тәжірибе жасап, энергияның бір түрден екінші түріне ауысуды көрсетті. Smk.edu.kz сайтынан сандық ресурсты қолдана отырып, энергияның түрленуіне байланысты ойын өткізіп, оқушылардың қатемен жұмыс жасатты. Learningapps бағдарламасы арқылы суреттерді қолдана отырып, потенциалдық, кинетикалық энергияларды анықтады. Тест тапсырмасын орындай отырып, тақырыпты қорытындылады. Рефлексия кезінде оқушылар өздерінің тапсырмаларына қаншалықты меңгергені жайлы ойларымен бөлісті.
Дата: 8.03.2021, 15:29 Автор: №9 ОМ