«Адал ұрпақ – ел болашағы»
Адалдық – адам мінезіндегі басты қасиет. Осы орайда мектебімізде адалдық дүкені жұмыс жасауда. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен бірлесіп «Адал ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында стенд жасалды. Мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
Дата:
7.03.2021, 23:06 Автор:
№9 ОМ