Размер шрифта:

Ақпарат

Ақпарат
Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болады. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана — барлық өмірдің бастауы.Әйел шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы тұрмыстың сәні мен салтанаты. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетсе, дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. 8 наурыз-халықаралық аналар мерекесіне орай,бүгін 02.03.2021ж мектеп кітапханасында «Әйел- Ару,Әйел-Ана!» атты қойылған тақырыптық көрмеге шолу жасалды,Ана тақырыбын жырлаған ақын-жазушылардың шығармаларымен танысты.Шараға 2 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты :Әйел адамның қоғамда алатын орны мен оның өмірдегі ерекше жан екендігін көрсететін қасиеттері мен рөлін жеткізе отырып,оқушылардың бойына ананы жалпы үлкен кісілерді құрметтеуді,қастерлеуді,тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуіне құштарлығын арттыру, кітап оқыту мәдениетін дамыту.
Дата: 2.03.2021, 13:52 Автор: №9 ОМ