«Алғыс айту күні- махаббат, мейрімділік, жарқындық мейрамы» тақырыбында танымдық сағат ақпараты

«Алғыс айту күні- махаббат, мейрімділік, жарқындық мейрамы» тақырыбында танымдық сағат ақпараты

25.02.202 күні «Алғыс айту күні- махаббат, мейрімділік, жарқындық мейрамы»тақырыбында танымдық сағат5ә,б  сыныптар арасында  ZOOM платформасы арқылы өтті. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру, бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырды.Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде  Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күн. Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні екенін оқушыларға түсіндірді.Танымдық сағат барысында оқушылар жылы лебіздерін, тіліктерін білдірді.

Дата: 25.02.2021, 10:43 Автор: №9 ОМ