«Жыр алыбы- Жамбыл » атты сынып сағат ақпараты

«Жыр алыбы- Жамбыл » атты сынып  сағат ақпараты
22.02.21 күні мектебімізде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы- Жамбыл» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өтті. Оқушыларға Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндірді. Өлеңдерді мәнерлеп айтқызып,мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Дата: 22.02.2021, 12:09 Автор: №9 ОМ