«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы 8-13 ақпан

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы 8-13 ақпан
Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде 8-13 ақпан аралығында «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы өтті. Апталықта оқушылар арасында «Менің құқығым», «Толеранттылық бейбітшілікке апаратын жол» «Оқушының құқығы мен міндеттері» тақырыбында сынып сағаттары, «Мен және менің құқығым» танымдық, іскерлік ойындар, Kahoot бағдарламасы арқылы тест тапсырды. Бастауыш сынып оқушылар арасында сурет байқаулары өтті. Мектеп инспекторымен кездесу, эссе жазу сияқты іс шаралар өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық білімін арттыру, күнделікті өмірде өз құқығы мен міндетін дұрыс орындай білуге үйрету.
Дата: 12.02.2021, 22:52 Автор: №9 ОМ