«Ерлік – елге мұра» тақырыбында танымдық сағат ақпараты

«Ерлік – елге мұра» тақырыбында танымдық  сағат ақпараты
11 жұлдызында №9 жалпы білім беретін мектебінде 2 «Б» сыныбында ауған соғысының 32 жылдығына орай «Ерлік – елге мұра» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты: оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін үлгі тұтып, қадірлей білуге үйрету. Шара оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Сыныпта жақсы коллаборативті орта құрылып, оқушылар белсене ат салысты. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі ребустар мен мақал-мәтелдерді толықтыру тапсырмалары ұсынылды. Танымдық сағаттан соң сынып оқушылары мектеп мұражайына барып, алған білімдерін толықтырды. Танымдық сағатқа мектеп әкімшілігінен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Сагимбекова Динара Рахатқызы қатысты. Іс-шараға жауапты Шубаева Ж.Ж.
Дата: 11.02.2021, 14:28 Автор: №9 ОМ