№9 жалпы білім беретін мектебінің «Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналыс ақпараты
Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептері, жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы, денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы,мәселесі бойынша ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында 9-11 сыныптарға ұлдар жиналысы «Отбасылық өмір қадамы» тақырыбында өтті. Отбасылық құндылықтар әрқашан маңызды. Баланың отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Әр отбасының өзіндік отбасылық үрдістері, ұстанымы және дәстүрлі құндылықтары бар. Баланың қалыптасуы да, ұрпақтың өсіп өркендеуі де отбасынан басталады. Отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы ортаның әсеріне бейім болатындығына тоқталып, оқушылардың ойын тыңдады.Басты құндылықтарымыз ол – ұлт болашағы мен отбасы екнін ұмытпайық.
Дата:
9.02.2021, 17:52 Автор:
№9 ОМ