«Ақпараттық Локомотив» насихат тобы

«Ақпараттық Локомотив» насихат тобы
8 мен 13 ақпан аралығында өткізілетін құқықтық сауаттылық апталығы аясында №9 жалпы білім беретін мектебінің 2 Б сынып оқушылары: Жасұланов Ануар, Аукенова Аймерей, Дауытов Ерасыл, Әміржан Тамилла және Қабдырахымов Ернияздың қатысуымен «Ақпараттық Локомотив» насихат тобы құрылды. Насихат тобы 2А, 2Ә және 2Б сыныптарына аялдама жасап, мектеп қабырғасында «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылыққа байланысты ұйымдастырылған барлық іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. «Ақпараттық Локомотив» насихат тобының мақсаты: 2 сынып оқушыларының барлық шараларға бір кісідей қатысып, белсенділік танытуына шақырды. Іс-шараға жауапты 2Б сыныбының жетекшісі Шубаева Ж.Ж.
Дата: 8.02.2021, 20:03 Автор: №9 ОМ