5 – сынып қыз балаларына «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбына өткізілген қыздар жиналысының ақпараты

5 – сынып қыз балаларына «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбына өткізілген қыздар жиналысының ақпараты
2020 жылдың 05-ақпаны күні 5-сынып қыз балаларына «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбына қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «Балауса» қыздар ұйымының жетекшісі Р.Кашымбекова қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне аса көңіл бөлгені туралы, қыз баланың болашақ ана екендігін, сондықтан осы бастан өз-өзіне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қыз баланың тәртібі мен жүріс-тұрысы туралы айтты. Келесі сөзді «Мейірім» аналар мектебінің мүшесі ата-ана Б.Касимова қыз баланың отбасындағы рөлі, анасының көмекшісі екендігін ескерді. Сөз соңында әлеуметтік педагог А.Тайкен бала құқығы мен міндеттеріне тоқталып, әр бала өз міндеттерін дұрыс орындау керегін атап өтті.
Дата: 8.02.2021, 10:56 Автор: №9 ОМ