«Математка айналымызда»

 «Математка айналымызда»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімнің №9 жалпы білім беретін мектебі 28 қаңтарда «Математка айналымызда» математикалық сауаттылық апталығында 3 «а» сынып оқушыларының арасында «Сандар сырын ашайық» тақырыбында іздену жұмысы болды. Еркін Айназ «Киелі сандар» туралы айтып, санның қазақтың салт дәстүріндегі қырын ашып айтты. «Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәні» тақырыбында Сапар Ернат аңыз айтып, мақалдарға тоқталды. «Сандарға байланысты аспаптар» тақырыбында Жумагазы Аделя жетігенге тоқталып, сырын ашты. А Жандосұлы Сайфуллах «Сандарға байланысты жер-су, адам аттары» тақырыбында ізденген жұмысында Жетісу, Үшқоңыр жер, су атауының қалай берілгенін айтты. Алтынбекқызы Айсель «Сандардың шығу тарихы» тақырыбына тоқталық қызықты ақпарат берді. #балқашматематикалықсауаттылық #математикаайналамызда @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi
Дата: 28.01.2021, 15:44 Автор: №9 ОМ