Басшы сағатының ақпараты

Басшы сағатының ақпараты

Жалпы білім беретін №9 орта мектебінің ата-аналарына    9.01.2021   күні  сағат 13.00-де Басшы сағаты өткізілді. Басшы сағатында мектеп директоры   ата-аналарға ІІІ-тоқсанға дайындық туралы  мәлімдеді. Онда  мектепке  келіп оқитын кезекші сыныптар 1-5-9-11  сынып   оқушылары болатынын, кезекші сыныптарға  тек   ата-аналарды өтініші арқылы келе алатыны ескертілді.

Сонымен қатар,  кезекші сынып оқушыларына қатысты мәселелер, ІІІ – тоқсанда 9-11сыныптардың қосылуы,  кезекші сыныптардың ұйымдастырылуы  (сабақ кестесі, мектеп формасы т.б), санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау туралы мәліметтер мен  талаптар тізбесі  қарастырылды.

  Қашықтықтан  оқытылатын   сынып оқушылары  үшін алдағы уақытта  жаңа платформаға ауысу жайында  БІЛІМАЛ SDOT платформасымен жұмыс жасау алгоритімі  туралы айтылды. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мен  балалардың қауіпсіздігі туралы ақпараттар берілді.

Дата: 12.01.2021, 9:58 Автор: №9 ОМ