Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 8- наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар ақпары

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  8- наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар ақпары

  Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2017 жылдың 7- наурыз күні мектебімізде Аналар мерекесіне арналған  мерекелік сайыс өткізілді. Сайыс басында ұстаздар мен аналарды, қыз балаларды құттықтап мектеп директоры А.Т.Токейбекова мерекелік құттықтау сөз сөйледі.Сайысқа 10-11 сынып оқушылары,яғни қыз балалар мен ағалары қатыстырылды. Сайыста  таныстыру,өнер көрсету, шаш үлгісін жасау, өлең жолдарын құрастыру сияқты  кезеңдері бойынша  бақ сынасты. Қазылар мүшелерінің  қорытындысы бойынша  сайыста  достық жеңді. 10А сыныбының оқушыларының өнерлерін тамашалап, ардагер ұстазымыз Тұымтай Кенжебаевна   өздерінің жылы лебіздерін білдірді.