Алғыс күніне орай өткізілген іс-шаралар
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2017 жылдың 01-наурыз Алғыс айту күніне орай жоспарланған іс-шаралар өткізілді. 25-ақпанға дейін мектептің бірінші қабатында тақырыпқа сай стенд безендірілді. 9-10сыныптар арасында «Алғысымды айтамын!» тақырыбында шығармалар сайыс өткізіліп, ең үздік жұмыстар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Шарада алдымен «Алғысымды білдіремін!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Байқауға қылмыскерлерді құрықтау үстінде қаза тапқан мектебіміздің түлегі болған , Астана қаласының полиция аға лейтенанты Самат Болысқұлұлы Шохановтың анасы Салтанат Мұхаметхановнаға алғыс айту мақсатында қонаққа шақырылды. Мәнерлеп оқу байқауының қатысушылары өз елдеріне ,ата-аналарына ризашылық білдіру туралы қазақстандық ақын-жазушылардың өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Байқау соңында бас жүлдеге ие болған 6-сынып оқушысы Қалымбетов Әбдіғалым болды.Ал осы байқауды ұйымдастырушы А.Ү.Абилова Елбасы Жарлығымен бекітілген 1 наурыз – Алғыс айту күні осы игілікті істің жүйелі жалғасы екенін атап,оқушыларға,қонаққа ризашылығын білдірді.
Қаламыздағы түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдері тарихы мен мәдениетін таныстыру мақсатында «Возрождение» неміс орталығына ұлан сыныптары мен сынып жетекшісі Т.Е.Еримбетов пен М.Б.Шабленова барып қайтты.Орталық мүшелері оқушыларға ұлттардың мұнда қалай тұрақтағандары туралы мағлұматтарға қанығып, сарғайған суреттерден сол кездің өмір шындығын көз алдарына елестетті десе болғандай. Сондай-ақ, қуғын-сүргін жылдары, одан кейінгі кезеңдерде жер аударылған ұлттар өкілдерінің бүгінгі ұрпақтарының естеліктері мен қазақ халқына деген алғыс сезімі баяндалған бейнефильм көрсетілді. Қазақ халқының қандай қиын жағдайда да тағдырдың жазуымен елге келген ұлттар мен ұлыстарға достық құшағын айқара ашып, бауырына тартқанын, барымен бөлісіп, жүрек жылуын бергенін тілге тиек ете келіп, қазақ еліне алғыстарын білдіруды де ұмытпады.
Сонымен қатар, барлық сыныптарды «Алғыс айту парызым...» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мерке күні мектеп оқушылары мен ұстаздары әр үзіліс кезінде бір-біріне алғыс айтып,ризашылық білдіріп жүрді.
Алғыс айту күнгі шаралардың ең басты құндылығы – тұрақтылық пен өзара татулықты, береке-бірлікті нығайта түскені сөзсіз.