Рухани келісім күніне орай өткізілген іс-шаралар жоспары
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 18- қазан Рухани келісім күнінен орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, өткізілді. Окушыларға қазіргі діні ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт-дәстүрдің арақатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру,әлемдік діндер туралы түсініктерін кеңейту,өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, оқушыларды ұлтжандылыкқа ,адамгершілікке, тілі мен дінін,салт-дәстүрін кұрметтеуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханасында 2016 жылдың 12 қазанында 7Ә ұлан сыныбының оқушыларымен «Зайырлы мемлекет және биік руханият » атты мектеп кітапханашылары Р.А. Исабаева және С.Р. Мырзагалиеваның жетекшілігімен ақпараттық көрме ұйымдастырылып, тақырыпқа шолу жасалды. Мерекелі күнге орай, І қабатта «Телефондық лаңкестік» тақырыбында бейнетаспа көрсетіліп отырды. 3-4 сынып оқушыларының арасында «Біз бейбітшілікті жақтаймыз!» тақырыбы бойынша сурет байқауы өткізіліп, қорытындысында сурет көрмесі жасалынды.18-қазан күні ұлтаралықдостық қарым-қатынасты сақтауға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясатты ұстана білуге үйрету, толеранттікке және қоғамда тұрақтылықты сақтауғатәрбиелеу мақсатында «Діни келісім- тәуелсіздіктің негізі» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы осы мерекеден хабарлары бар екенібайқалды. «Рухани келісім бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі» атты мақала қалалық,облыстық баспа беттеріне жариялануға ұсынылды.