"Алғыс айту күні"

   2016 жылдың 1-наурызында  тұңғыш рет «Алғыс айту» күні аталып өтті. Осы мерекеге байланысты   жоспар құрылып, іс-шаралар атқарылды. 1-4 сыныптарда  «Алғыс айта біл!», «Достық –біздің тірегіміз» тақырыптарында әңгіме сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; – әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
  Оқушылармен  алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?  Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?  деген сұрақтар  төңірегінде  әңгіме жүргізілді. «Алғыс» мәтіні оқылып, мәтін бойынша талдау жүргізілді.
    Мектеп кітапханасында  «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты тақырыпқа кітап көрмесіне шолу жасалды.   Бұл көрмеге мектебіміздің 6 сынып оқушылары қатысып, өздеріне керек мәліметтер алды.  Іс - шара барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты реформасы тыңдалды. Сонымен қатар  «Бейбітшілік кіндігі», Арыстанбекованың  «Ұлттар ұйымы және Қазақстан» т.б.  кітаптары  оқушыларға   таныстырылды. «Алғыс айтамын» тақырыбында сурет пәні мұғалімі Сардарбек Л.Т.  оқушылардың туындысынан сурет көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қоса алғыс айту күніне орай 21-мөлтекауданда орналасқан «Идеал» шаштараз қызметкерлері   2-сынып оқушысы Кудусов Ерасылдың шашын тегін қиып, ризашылығын алды. 5Ә және 5Б сынып оқушылары арасында «Алғыс алған арымас» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына туыстарының балаларын қолына алып, жақсы білім мен тәрбие беріп отырған  ата-аналар шақырылды.  Оқушылар сынып сағатында бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, ата-аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдірді. Ата-аналарға сыйлықтар берді. 8-10 сынып оқушылары арасында «Достық туы» тақырыбымен әке, бала және ұстаздар арасында волейбол, футбол ойындарынан достық кездесу болып өтті. Әкелер мен ұстаздар арасында волейбол, әкелер мен оқушылар арасында футбол ойындары өткізілді. Бұл мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан әкелерге алғыс хат берілді.   29 ақпанда    «Алғыс күніне»орай салтанатты лездеме ұйымдастырылды.   Оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің   үгіт насихат   алғыс алу мен рахмет сөзінің мән-мағынасын  түсіндірді.    Ризашылық, алғыс жайлы жыр жолдарын айтып өтті.