Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 1-7.09.2015 ж. аралығында денсаулық апталығы өткізілгені туралы ақпарат.
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 1-7.09.2015 ж. аралығында денсаулық апталығы өткізілгені туралы ақпарат
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Денсаулық апталығы» аясында, оқушылардың денсаулықтарын нығайту, ағзаларын шынықтыру, салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.Мектепішілік стенд осы іс-шаралар барысында жоспар мен әр-түрлі суреттермен безендірілді. Денсаулық апатығы мектеп оқушыларының салтантты саптүзумен басталып, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Аталған іс-шараға мектебіміздің барлық сынып оқушылары қатысты. Апталықтың әр күні спорттық шаралар өткізіліп тұрды.Денсаулық апталығының жоспарына сәйкес 9 сыныптармен волейбол жарысы өткізілді.7- 8 сыныптар ұлдары арасында футбол жарысы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларымен көңілді сөре жарысы ұйымдастырылды. Мектеп медбикесі Сағымбекова М.Ж мен Рамазанова С. «Дені саудың жаны сау!» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді. Көркемөнер жетекшісі Абишева Ж.Е. 8-9 сынып қыз балаларымен «Қара жорға», «Кукарелла» биілерін билеп, бойларын сергітті.
4-7-9 сынып –оқушылары 05-күні қалалық іс-шараларға қатысты.