Размер шрифта:

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік жиын туралы ақпарат

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде  өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мерекелік жиын туралы ақпарат

2015 жылдың мамырдың 25 күні мектеп түлектеріне арналған  «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны өтті. Жиынға қалалық маслихат хатшысы Рахимберлина Қарлығыш Тишбековна,    қалалық білім бөлімінің бас маманы Бектұрғанова Асия Оңғарбековна  және   1,10,11 сынып оқушылары,    ата-аналары қатысты. Жиында     мектеп директоры А.Т.Төкейбекова жас түлектерге тілектерін айтып, құттықтады. Салтанатты жиынның құрметті қонақтарына «Қошемет» номинациясы, әкелер кеңесінің мүшесі Разахов Дәулетке «Өнеге» номинациясы, ата-ана Түсіпов Марат Ынтызарбекұлына «Қамқоршы» номинациясы, оқу жылының үздік оқушысы  Дулатова Назгүлге «Жұлдызды оқушы» номинациясы берілді. Жас түлектердің сынып жетекшілермен қоса пән мұғалімдері өз тілектерін ән айту арқылы жеткізді. Ата-аналар атынан Түсіпов Марат Ынтызарбекұлына құттықтау сөз сөйледі. 1 сынып бүлдіршіндері түлектерге тақпақтап  арнау айтты. Өткен  оқу жылында білімнің алтын кілтін қабылдап алған Саят Гүлім 10-сынып оқушысы физика пәнінен олимпиада жеңімпазы  Камен Ербұланға тапсырды.  11 А, 11 Ә сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.  Ұстаздарға   арналған композияцияларын қойып, ән айтып, би биледі.   Ұстаздардың, қонақтардың көңілдері көтеріңді, жақсы әсермен қайтты. Жиын өте жоғары деңгейде өтті.