Балқаш қаласының туылған күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпар
Туған қаламыз Балқашқа сәуір айының 11-інде 78-жыл толып отыр. Мектебімізде жоспар бойынша жоспарланған іс-шаралар аптаның басынан бастап өткізіліп отырды.
«Туған қалам - Балқашым» тақырыбында қолөнер көрмесі, кітап көрмесі қойылды. І қабатта «Мысты өңір - Балқаш» тақырыбында видеорлик көрсетілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ожханова Ұ.О мен Абилова А.Ү 8-9 сыныбының оқушылары арасында «Менің қалам» тақырыбында эссе жаздырып, үздік шығармаларды марапаттады.
6-сынып оқушылары «Қала көшелері» атты мануал жасалып, «Мысты өңір-Балқаш» тақырыбында Қанатбекова Г. білгірлер сайысын, Бакишева А. «Балқаш кеше, бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айтқұлова Г. С 5-9 сыныптар аралығында «Балқашым –бақ жырымсың» атты жас ақындар мүшайрасын өткізді. Жас ақындар мүшайрасы барысында жас қаламгер ақындарымыздың ізденіс арналарын, көзқарастарын көркемдік келісімдерін көрсетіп, жырға қосты. Қойнауы –ырыс, тасы- кен, Балқашым, мынау жыр әнім деп жырлаған жас ақындардың өнерін бағалап, марапаттады.
Барлық сыныптарда «Балқашым-бағым», «Гүлдене бер, ару Балқаш» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сәуір айының 11 күні «Ару қала, әсем қала -Балқашым» тақырыбында салтанатты лездеме өткізіліп, соңы спорттық жарыстарға ұласты. Қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақтан» , волейболдан жарыстар ұйымдастырылып, бастауыш сыныптар арасында көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.