«Ұлт бірлігі – ұлт байлығы »

«Ұлт бірлігі – ұлт байлығы »
2014 жылдың 30-шы мамырда жалпы білім беретін № 8 орта мектебінде  «Ұлт бірлігі – ұлт байлығы » атты қалалық зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа қала мектептерінің  9-шы сынып оқушылары қатысты. Оның мақсаты:1. халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.
2. оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
3. мақал-мәтелдер, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру; Сайыс 
«Сәлем сөздің анасы»,«Тіл өнері», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Ізденген жетер мұратқа» атты кезеңдерден тұрады.  Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды- ЖББ№8 орта мектебінің оқушысы - Бакирова  Сымбат, ІІ орынды - ЖББ№9 мектеп оқушысы- Бөгенбаева Нұржанар, ІІІ орынды - ЖББ№15 мектеп оқушысы- Серікұлы  Айбар иеленді.