«Білім кілті кітапта»

«Білім кілті кітапта»
 22.04.2014 ж. күні ЖББ №8 мектептің акт залында 23 сәуір – Бүкіл әлемдік балалар кітабы күні мерекесінің аясында өткізілген «Білім кілті кітапта» атты кітап мерекесі өтті. Оны осы мектептің кітапханашылары ұйымдастырды. Кітап мерекесіне жиналған 1-8 сынып аралығындағы оқушылар алдында кітапхана меңгерушісі Роза Алханқызы кітап туралы, оның маңыздылығы, кітап мерекесінің аталып өту тарихы жайында әңгімеледі. Әр оқушының қолындағы кітаптың қалай жасалатындығы, оған сіңірген адамдардың еңбегі туралы қарапайым тілмен түсінік берілді.
     6 Б сынып оқушылары Маралова Нұрай, Оңғарбекова Аида, Бөлегенов Айбат, Мұхтаева Толғанай, Өмірсерік Қайсар секілді оқушылар ұсынған қуыршақ театрының «Үйшікей» атты шағын қойылымы оқушылар назарына ұсынылды. Бұл қойылым оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
     Бүкіл әлемдік балалар кітабы күніне арналған мерекеде «Кітап – білім бұлағы» деген тақырыпта көрме үйымдастырылып, кітапханашы Дана Жангирова көрмеге  шолу жасады.
     Мазмұнды кешті кітапхана белсенділері Алдоңғарова Аяулым мен Қабдыраш Әлібек жүргізді. Мектептің музыка пәні мұғалімі Дәния Сәрсенбекқызы мерекені әсем әнмен көркемдеді. Өнерлі оқушылар ән айтып, жұмбақ жасырып, мақал-мәтел жарыстырып, кештің тартымды өтуіне үлес қосты.