«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №8 орта мектебі» КММ «Үлгіден тыс педагогика» ашық сабақтар байқауы бойынша ақпарат.

 

2020 жылдың 20 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Үлгіден тыс педагогика» ашық сабақтар байқауына мектебімізден «Жаратылыстану – математикалық пәндер бағытының үздік ұстазы», «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бағытының үздік ұстазы», «Үздік авторлық бағдарлама» даярлық сыныбы бойынша пән мұғалімдері қатысты.
Мустафина Сайлаукул Айтжанқызы биология пәні мұғалімі, педагог – сарапшы, 8 в сыныбы,«Адам қаңқасының құрылымы. Тірек қимыл жүйесі» тақырыбында, Асемханова Асел Базылхайыровна 6Ә сыныбында ағылшын тілінен «Checking in for a flight» тақырыбында ашық сабақтарын өткізді. Ал, Мамурбаева Дана Мубаракқызы даярлық сыныбына арналған «Үздік авторлық бағдарлама» таныстырылымын жасап, бағдарламасын күнделікті сабақ үрдісінде қалай іске асырып жатқаны бойынша ашық сабақ жүргізді. Байқауға қатысқан мұғалімдеріміз сабақтарында өздерінің жақсы теориялық білімдерін көрсетуден басқа, сабақ барысында сандық білім ресурстрын,оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бірге, шеберліктерін айқындап көрсете алды.
Әрине , оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өздерінің білі, дағдыларын жақсы көосете білді, сабақтарға қызығушылықпен қатысып, өткен тақырыптарды меңгергендерін кері байланыс барысында байқатты.
КММ «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №8 орта мектебі» ұжымы мұғалімдеріне еңбектеріне сәттілік және шығармашылық табыс тілейді.

На изображении может находиться: 5 человек, люди стоят и в помещении

На изображении может находиться: 10 человек, в том числе Жанат Айтжанова, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят, офис, стол и в помещении

На изображении может находиться: 5 человек, стол и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, экран, стол и в помещении

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят, стол, экран, офис и в помещении