«Әлемге күлкі сыйлайық!» қайырымдылық акциясы
Мектебімізде 2018 жылдың 30 қарашасында Дүниежүзілік балалар күніне арналған онкүндікке байланысты «Әлемге күлкі сыйлайық!» қайырымдылық акциясы болып өтті. Бұл акцияның мақсаты – Қайырымдылық асыл қасиет , осы қасиетті бала бойына сіңіру, бір-біріне қол ұшын созу, көмек көрсету, адамгершілік қасиеттерін арттыру, балаға қуаныш сыйлау.
Қайырымдылық акциясына ата-аналардың көмек ретінде берген оқу құралдары азқамтылған отбасы балаларына және қамқорлықтағы оқушыларға берілді. Барлығы 19 оқушының әрқайсысына 1000 тг. көлемінде оқу-құралдары (дәптерлер, сурет альбомы, краска, түрлі –түсті қарындаш, жай қарындаш, қалам, өшіргіш, қалың дәптерлер, пенал, дәптер қаптағыш) берілді. Оқушылардың жүздерінде қуаныш ұялап, ризалықтарын білдірді. Ата-аналардың да осындай шараға бей-жай қарамайтындықтары қуантады.