2018-2019 оқу жылының 10-15 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай, іс-шаралар жоспарланып өткізілді

2018-2019 оқу жылының 10-15 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай, іс-шаралар жоспарланып өткізілді

2018-2019 оқу жылының 10-15 қыркүйек аралығында отбасы күніне орай, іс-шаралар жоспарланып өткізілді.
Мектебімізде 10 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында «Отбасы күніне» арналған бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің 1-ші қабатында стенд безендірілді. Шара барысында, мектеп кітапханасында «Отбасы бақыты» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Отбасылық оқу іс-шарасы ұйымдастырылып, орта буын оқушылары белсене қатысты. Оқушылар көрмеге қойылған кітаптармен танысып, қажетті мәліметтер алды. Отбасылық құндылықтарды арттыру мақсатында «Отбасы -отанымыздың ошағы»атты тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін»т ақырыбында эсселер жазып, 9- сынып оқушылары өз ойларын ортаға салды. «Бақыттымыз бірге» 4- сынып оқушыларымен эстафеталық сайыстар ұйымдастырылып, 4 А сынып оқушысы Нуриманов Мейіржан отбасымен бірге қалалық «Әкем, анам және мен » атты эстафеталық сайысқа қатысты. Сондай-ақ, қалалық асфальтта сурет салу байқауына қатысып, 5- сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, апта барысында «Отбасынан қымбат не болуы мүмкін» дегендей аз қамтылған отбасы ата-аналарына психологиялық кеңестер берілді.