«Менің сүйікті қаламның келбеті» асфальтқа сурет салу сайысы
13.04.2018 жылы мектебіміздің ұйымдастыруымен қала күніне орай қала мектептерінің 4-5 сынып оқушыларының интеллектуалдық, шығармашылық, танымдық ынтасын белсендіру негізінде , өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеу; Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру және әртүрлі бағытта оларды шығармашылық қызметтке баулу мақсатында қалалық «Менің сүйікті қаламның келбеті» асфальттағы сурет байқауы өтті. Байқауға қаламыздың №1,4,5,7,8,9,15,16, №2 мектеп- интернат оқушылары қатысты. Ереже бойынша оқушылар өз топтарының атауы мен эмблемасын таныстырып, «Менің сүйікті қаламның келбеті» тақырыбында асфальтқа суреттер салды. Оқушылар өз салған суреттерінде қаланың көрікті жерлерін түрлі -түсті бормен көрсете білді.
Дата: 13.04.2018, 15:36 Автор: Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мек