Денсаулық күні
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Денсаулық күні» өткізілген спортық іс-шаралар ақпары
07.04.2018 жылы «Денсаулық күні» мектебімізде оқушыларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін, көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өткізілді. 5-7 сыныптар арасында футболдан жолдастық кездесулер өтті. Жолдастық кездесуге қаламыздың №16 мектептің командасы қатысты. Көпсалалы кортта 2-3 сыныптар арасында көңілді мәре сайысы өткізілді. Сайыс барысында балалар жылдамдықтарын,ептіліктерін жан жақты көрсете білді.Ойын тартысты өтті.