«Таза қала» акциясы

 «Таза қала» акциясы

 

Көктемгі санитарлық тазалық, абаттандыру және  көгалдандыру сенбілігіне  760  оқушы, 35 мұғалім, 20 кіші шаруашылық қызметкерлері қатыстырылды.  «Таза қала» акциясы  бойынша  «Мұрагерлер» мен «Жасұлан»  топтары 17 ықшам ауданындағы  аялдамалар мен дүкендердің  сыртына  жапсырылған хабарландыру мен түрлі қағаздарды  тазартып, жинады. Ал, 5 сынып  оқушылары  мектеп  маңайын  тазалады. 6 сынып  оқушылары  мектептің  оң жағындағы  бақтың  ішін  тазалап, арықтарды қазып, ағаш  егетін  шұңқырларды  қазды. Мешіт   маңына  8-9 сыныптар  бөлініп, ағаштардың  арықтары  қазылды. Сенбілікте 20 түп ағаш отырғызылып ,50 арық қазылып, тазартылды. Сенбілік  барысында қанша күл-қоқыс  жиналып, қаншама ағаштардың түбі қопсытылып, әктелді. Мектеп  маңынан 5 метр қашықтықтағы жерлер тазартылып, Қараменде би 74  үйінің маңы тазартылды.

Дата: 25.04.2016, 3:55 Автор: №7 МГ