Размер шрифта:

Мектеп күні

Мектеп күні

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 18 сәуір күні «Жаңартылған білім мазмұнына қадам: тәжірибе бірлігі, білім және шығармашылық» тақырыбында мектеп күні өтті. «Жаңа форматты мектеп моделі» блогында мектеп директоры Н.Е.Хусмолдинова мектептің даму стратегиясының таныстырылымын жасады.

 

«Аналар мектебі – ұлттық танымның қайнар көзі» атты аналар мектебі жобасының таныстырылымын директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерубаева Р.Б. жасады.

 

«Әкелер мектебі» жобасы бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы, дұрыс таңдай біл» тақырыбында  әлеуметтік педагог Рахимова Р.Т. дөңгелек үстел өткізді.

 

«Бүгінгі ұстаз өнімі – бәсекеге қабілетті тұлға» блогы бойынша «Үш тұғырлы тіл» идеясын іс-тәжірибеде тарату мақсатында  «Бағдарламалау» таңдаулы курсы бойынша 10-сыныпта "Электронды оқулыққа видео батырманы қосу" деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Пән мұғалімі: информатика пәнінің мұғалімі Шегирова Г.Б. 

 

 

Химия пәнінің мұғалімі Ракишева М.А. «Терминология» курсы бойынша 8-сыныпта лимонның химиялық құрамын, биологиялық маңызын талдау  және үш тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Лимондар» фестивалін  өткізді.

 

 

2 блокта «Шебер қолдар» зертханасы ашылу рәсімі болды. Зертханаға Мағрұпбекова А.Ш., Тоқжігітова С.Т. таңдау курстарынан оқушылар жұмыстары қойылды. 

 

22-24 наурызда Астана қаласындағы  «Наурыз кездесулері» ісшарасына облысымыз атынан делегат болып қатысқан Нұржанқызы Торғын өзінің алған әсерімен бөлісті.

 

 

«Оқу шаттығы» таңдаулы курсы бойынша 3 А сыныбында ашық сабақ өткізілді. Мұғалімдері Қажыкаримова Т.С.,  Шоқатаева А.Д. Тақырыбы: В.А.Сухомлинский   «Тас». Сабақтың мақсаты: оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру. Өз бетінше білім алу,әрекет етуге баулу. Еркіндік белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Мәтінді түсіне және зерделей  білуге,шығармадағы өзектілікті аша білуге баулу.

 

 

«Оқу шаттығы» жобасының аясында «Кәусар бұлақ» зертханасы ашылды. Жетекшісі  Сарсенбекова А.Ж. Мақсаты  оқушылардың   оқуға деген қызығушылығын арттыру, саналы оқу дағдысын дамыту. Аз оқитын, мүлде оқымайтын балаларды белсенді оқуға тарту. Сахналық қойылым сабақтары,шығармашылық сайыстар, оқуға қатысты түрлі ойындар арқылы оқу сауаттылығын дамыту.

 

 

«Ұлттық рух- тәлім –тәрбиенің тарихы, рухани тұғыры» атты 3 блокта «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты әдеби – сазды композициясы болды. «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсетіле отырып, сахнаға тарих ата шықты.тарихтың әр бетіне үңіліп, шолу жасалды да, сахнаға «Тәуелсіздік» атты Мәңгілік ел ұрпағы шығады. «Қуанышты көктем» биін орындаған жас бүлдіршіндер биімен сахна шаттыққа бөленді. «Тәуелсіздік таңы» биін жоғарғы сынып қыздары орындады. Хормен «Нұр аға» әнін жігерлі жас бүлдіршіндер орындап шықты. «Астана» композициясында астананың ең үздік жерлері туралы айтылып, суреттері көрсетіліп тұрды. Үш тілде жазылған сөздер көрсетілді. 5 композицияда «Чемпиондар»әні орындалып, сахнаға мектебіміздің мақтаныштары, спорттан жеңімпаздарымыз ортаға шығып өнерлерін көрсетті. Лондондағы Олимпиада жеңімпаздарының аттары аталып, суреттерін көрсетті. Қазақ жері 130 –дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдерін бір шаңырақтың астына жинап отырғандықтың куәсі іспеттес «Ұлттар» биі орындалды. Кеш соңында патриоттық әніміз «Атамекен» әні шырқалды.

 

Дата: 19.04.2016, 8:04 Автор: №7 МГ