Жаңалықтар
С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының алғашқы қоңырау салтанатты жиыныныңақпары.
2015-2016 о/ж
Мақсаты:Жас ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизмді,азаматтық және рухани –мәдени келісімді сіңіру,бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздерді,Қазақстан Респуңбликасының Конституциясын мақтаныш ету және құрметпен қарау сезімін жандандыру. Білім күні – оқушылар менг ата-аналардың, өз мектебін сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.
Салтанатты жиынға 1,5,11 сынып оқушылары қатыстырылды.Қалған барлық сыныптар «Менің Отаным –Қазақстан» атты бірінші білім сабағына кіргізілді .Алғашқы білім сабағын өткізу үшін «Білім күнін өткізуге берілген негіздеме» басшылыққа алынды. Мектеп ауласы мерекелік безендірілді.
Биыл- еліміз үшін мерейлі белестер жылы.Ұлы Жеңіске 70 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл, Ата Заңымыздың 20 жылдығы – үлкен белес.Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы көп үлт пен ұлыстың басын қосып елімізде тыныштық орнатып, оның арқасында бүгінгі күнге жеттік. Бұл шаралардың ел тарихындағы орнының ерекше ұлы құндылықтарын ұлықтай білу - әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігімізде. Біздің тарихымыз-бірігудің тарихы екенін әрдайым есте сақтау керек. Осы мақсатта салтанатты жиында даталы мерекелерге байланысты үгіт бригада оқушылары мәнерлеп өлеңдер оқыды.
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынымыздың қонағы Қалалық Білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының басшысы Айтжанова Әсем Бекеновнаға және Балқаш қаласы жер қатынастар бөлімінің бастығы Мамытова Айнұр Төлепбергенқызына сөз беріліп, жас бүлдіршіндерге сәттілік тілей отырып, мектеп табалдырығын алғаш аттау рәсімінің тұсауын кесті.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап тұрған бүлдіршіндерге балабақшамен қоштастырып, қолдарындағы ойыншықтарын табыстап, Елбасымыздың «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабын мектеп басшысы Хусмолдинова Нәсіпқайша Ермекқызының қолынан салтанатты түрде табысталды. Оқушылық өмірдің алғашқы тақпақтарын айтқан жас бүлдіршіндерге көрермен қауым қошеметтеп қол соғып, қолдап тұрды.
Алғашқы қоңырау үніде мектеп ауласына қуаныш сыйлағандай. Алғашқы қоңырауды мектебіміздің түлегі Омарбек Ернұрмен мен 1 сыныпқа алғаш қадам басқан үш бүлдіршіндері соқты. Салтанатты жиынның соңында «Тек алға» әнімен аяқталды. Аспанға шарлар ұшырылып, Қазақстанның жалаушалары желбіреп, жас бүлдіршіндер көпшілік қолдауымен сыныптарына кіргізілді. Салтанатты жиынға жиналған қауым Отанымыз аман , еліміздің беделі асқақ болсын деген ниетпен тарасты.