«Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны
Мектеп ауласында көңілді әуендер орындалып тұрды. Мектебіміздің 1 қабаты, акт залында тақырыптық безендірілді. 11 сынып оқушыларына арналған ролик көрсетіліп тұрды. 2014-2015 оқу жылын 38 түлек бітірді.Залға 11 сынып түлектерін орындарынан тұрып, қошеметпен қарсы алды. 11 «А» сынып жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі Агибаева Т Б,11 «Ә» сынып жетекшісі Акаева С Е. Әр сыныптың жеке-жеке жетістіктері айтылып, кіріп болғанша музыка ойнап тұрды. Үлкен жауапкершілікпен патриоттық сезіммен Әнұран орындалды. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Жақсылықова Саягүл Жақсылыққызы, Балқаш қаласының Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтжанова Әсем Бекенқызы, Астана қаласындағы Қазақ Инженерлік Техникалық академиясынан Алия Сыдыхановна қатысты. Қонақтарға құттықтау сөздер беріліп, гүл берілді. Қазақ Инженерлік Техникалық академиясының өкілі Әлия Сыдыхановна мектеп түлектері Төлеуқұл Айзат, Қасымова Гүлім, Әсембекова Маралдарға «Грант иегерлері» деген сертификат тапсырды. Құттықтау әні Көктай Жұлдыздың орындауындағы Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Облыстық байқаудың жеңімпазы «Балбөбек» шағын орталығының бөбектер орындаған биі ерекше халықтың қошеметіне ие болды. 1 сынып оқушыларының мерекелік құттықтаулары айтылып, ағалары мен апаларына сыйлықтарын берсе, бүлдіршіндерге 11 сынып түлектері ескерткіштерін берді. Білімнің алтын кілтін олимпиада жүлдегері, ғылыми жоба жеңімпазы, оқу озаты Жұмабекова Сымбат 2015-2016 жылғы «Алтын белгі» үміткері, пән олимпиадаларының жүлдегері Иманбекова Гүлайымға тапсырды. Ата-аналар атынан құттықтау сөзді мектебіміздің 11 ә сынып түлегі, Астана қаласындағы Қазақ Инженерлік Техникалық академиясының грантын жеңіп алған Қасымова Гүлімнің әжесі Игембаева Мейрамкүл айтып, ата –аналар атынан Төреқұл Айзаттың атасының орындаған әндері түлектер мен қонақтарды ерекше толқытты. Ақырғы рет ортаға шығып, балауса балғын шаққа «қош» дегізген соңғы қоңырау сәтіде ерекше есте қалды. 11 сынып түлектеріне «Ақ жол» тілеп, қимай, сәт сапар тілей отырып, қошеметпен шығарып салдық. 3 бөлім бойынша жас түлектер мектептің ауласына шығып, өздерінің ұйымдастырған флешмоб билерін билеп, өздерінің армандарын жазған шарларды ұшырғандарына куә болдық.
Дата: 28.05.2015, 9:53 Автор: №7 МГ