Денсаулық күні
7.04-14.04 аралығында өтілетін Әлемдік денсаулық күнініне орай мынадай жұмыс түрлері жүргізілді.
«Біз салауатты өмір салтын сақтаймыз» тақырыбында 1-10 сынып аралығында оқушыларының қатысуымен мектеп ауласында кең көлемдегі спорттық ойындар түрі жүргізілді. Велосипедте жүру, футбол, көңілді мәре, «Ақ серек,көк серек» ұлттық ойыны, роликте, самокатта жарыс түрлері ұйымдастырылды.
«Менің болашағым»атты қыз балалармен арнайы акушер-геникол дәрігерімен кездесу өтілді.
«Бәрі денсаулыққа тіреледі » атты 1-4 сыныптар аралығында заманауй талапқа сай спорттық би болды.
Салауатты өмір салтын дәріптейік! тақырыбында мектепішінен құрылған «Самұрық» пен «Сәкен жастары»топтарының КВН-дік ойындар ұйымдастырып көрсете білді.
«Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі» тақырыбында дұрыс тамақтану туралы дәріс беріп видео ролик көрсетті.
Қазіргі таңда қайтадан жанданып жатқан ұлттық ойындарымызды насихаттау мақсатында «Менің денсаулығым-менің болашағым» атты ұлттық ойындар жарыс өткізілді.