«Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-де қала күніне орай өткізілген жұмыстардың ақпары
11 сәуір күні мектеп – гимназиясында «Балқашым-бағым» атты тақырыпта қала күнін атап өту мақсатында іс –шаралар жоспарланды. Мақсаты: қаламыздың құрылу тарихынан бастап, қазіргі көркейген қаламыздың тарихын таныстыру. Осы мақсатта мектепбіміздің І қабатында «Балқаш кеше және бүгін» тақырыбында стенд жасалып, қабырға газеттері шығарылды. І қабатта орналасқан теледидардан «Ару қалам, Балқашым» атты бейне фильм көрсетілді. Оқушылардың шығармашылығынан «Ару –Балқашым» атты суреттер байқауы ұйымдастырылып, І қабатта көрме қойылды. 7-8 сыныптар аралығында А.Б.Карина «Балқаш қаласының тарихы» дебат жарысы өткізілді. Тарих мұғалімі Г.Абикенова «Балқашым-туған өлкем» деген тақырыпта 6 сынып оқушыларымен қаланың мәдени орталықтарына саяхат жасады. Саяхат барысында қала құрылған жерден бастап қазіргі көркейген Балқаштың мәдени ескерткіштерімен таныстырып, тарихын айтып өтті. 7-9 сыныптар аралығында «Балқашта –жыр тербеткен талай ғашық» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар ақындарымыздың ару қаламызға арналған өлеңдерін оқып, өз шығармашылықтарынан да қаламызға арнау өлеңдерін арнады. 5-6 сыныптар аралығында ұлдар арасында футболдан жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы шығарылып, жеңген командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. 2-сыныптар аралығында «Әкем, шешем және мен» отбасылық жарысы өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты. Жарыс өте қызықты өтті. Қорытынды бойынша І орын «Жас қыран», ІІ орын «Болашақ», ІІІ орын «Достық» және «Бірлік» топтарына берілді.
Дата: 13.04.2015, 2:17 Автор: №7 МГ