«Елін сүйген Елбасы»
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназияда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне мерекелік іс – шара жоспарланып, 24 қараша күні апталықтың «Елін сүйген Елбасы» ашылу салтанатты жиыны болды. Жиынның мақсаты қазақ халқының президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолын үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Жиында 8 б сынып оқушыларының насихаттау тобы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолдарын айтып өтті. Жиында «Нұр аға», «Қазақстан» әндері орындалды.
Дата: 26.11.2014, 4:39 Автор: №7 МГ