«Денсаулық зор байлық» атты апталық

 

 

1-6 қыркүйек аралығында «Денсаулық зор байлық» атты апталық өтті. Апталықтың мақсаты: Ұзақ өмір сүру үшін спортпен шұғылдан» атты ұранын жас ұрпақтың бойына сіңіру;

«Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жыл Мемлекеттік бағдарламасы бойынша үлкен ауқымды «Денсаулық зор байлық» атты апталық жоспар құрылды.

1қыркүйек күні сағат 15.00-де  Денсаулық күнінің салтанатты ашылу жиыны болды.

2.09 күні 5-сыныптар аралығында кіші волейболдан жарыс өткізіліп, бастауыш сыныптар арасында мектеп медбибілері «Ас- адамның арқауы» атты лекция оқып, мектеп асханасында тәртіппен дұрыс тамақтана білуді туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатара таратпа қағаздар үлестірді.

3.09 күні 2-3-сыныптар аралығында  «Көңілді мәре» жарысы өткізілді. Ал, 13.00-ден бастап «Шахмат шалымдылар» атты шахматтан жарыс өтті.

4.09 күні 8-сынып ұлдары арасында жарыс ұйымдастырылса, 8-сынып қыз балаларының арасында күш жаттығулары өткізілді.  «Темекі шегу сәнге берілу ме?» атты тақырыпта 9-сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді.

5.09 күні 9-11 сынып оқушыларының қыздары арасында эстафеталық жарыс өткізіліп, жарыста жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар марапатталды.

6.09 күні 6-сынып ұлдары арасында футболдан жарыс өткізілді. 5А, 5Ә сынып оқушылары арасында кіші волейболдан  жарыс өткізіліп, жарыс қорытындысы шығарылып, марапаттау жүргізілді. 

Дата: 15.09.2014, 8:14 Автор: №7 МГ