Размер шрифта:

«Алғашқы қоңырау» тәрбие сағаттары

 

2,3,4,6,7,8, сыныптарда сағат 9.00-де  «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Жиынға қатысқан сыныптарда 11.00-де сынып сағаттары жүргізілді. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев  зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс,» деп атап көрсетті. Осы мақсатты негізге ала отырып  сынып сағаттары өтілді.

Дата: 2.09.2014, 11:05 Автор: №7 МГ