Размер шрифта:

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан

 

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 1 мамыр-Бірлік, Ынтымақ  күні –оқушыларға Қазақстан  Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру мақсатында, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мен тәрбиелеуде мектебімізде әр түрлі жоспарланған іс-шаралар жүргізілді. 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі тақырыбында  салтанатты жиын мен ашылып, «Қазақстан –достық мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары жүргізілді.«Ынтымақ, бірлік, келісім-ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мектепішілік халықтар достығы фестивлі өтілді. 1-6 сыныптар аралығында қазақстанда тұратын қалықтардың салт-дәстүрін, өнерін және ұлттық киімдерін нақыштады.«Халықтар достығы» атты қалалық ән фестивалінде   ІІІ орын, жетекшісі Сейтмукашева Г.Ғ.«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстан» тақырыбындағы шығармалар сайысынан Қазыбек Ләззәт ІІІ орын, жетекшісі Уалиева Ә.М.Асфальтта суретсалу байқауынан «Бірлік» тобы ІІ орын  иеленді жетекшісі Рахимберлина Қ.

Дата: 5.05.2014, 2:31 Автор: №7 МГ