«Нұрлы болашақ жолында» атты жаңа саяси Доктринасын талдау
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткізілген XVсъезінде қабылданған «Нұрлы болашақ жолында» атты жаңа саяси Доктринасын талдау
Мектеп-гимназияда мұғалімдер мен 10, 11 сынып оқушыларының арасында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткізілген XV съезінде қабылданған «Нұрлы болашақ жолында» атты жаңа саяси Доктринасын талдау өтті. Мектеп директоры міндетін атқарушы Альмуханова З.Ш. «Нұр Отан» партиясының XV съезінде қабылданған Доктринаның қазақстандық қоғам үшін маңызы зор екенін жете түсіндірді. Тарих пәнінің мұғалімі Карибжанов Е.Т. «Жаңа Доктрина – тұтастықтың кепілі, тұрақтылықтың тұғырнамасы» баяндамасын оқыды. 10 сынып оқушысы Жұмабекова С. «Нұр Отан» партиясының «Жаңа Доктринасы – ел болашағына қызмет ететін тұғырлы тұжырымдама» туралы ой-пікірін қысқаша баяндады.
Дата: 21.11.2013, 9:05 Автор: №7 МГ