«Қазақ тілі-менің ана тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы
«Қазақ тілі-менің ана тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы
2 сыныптар арасында 2013 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақ тілі-менің ана тілім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты:Оқушыларға өлеңнің құдіретін сезіндіре отырып, табиғатты, ел мен жерді, тіл мен әдебиетті, ана тілі тақырыбына жазылған ақындар өлеңін жатқа оқу көзделеді. Оқушыларды ел мен жерді қадірлеуге, мемлекетттік тіл – қазақ тілін құрметтеуге, әдебиет майталмандарын іздене танып-білуге тәрбиелеу. Балалардың өлең құдіретін сезініп, жүректеріңнен жыр ақтаруға толық мүмкіндіктері бар екенін дәлелдеп, Тіл – әрбір адамзаттың айбыны, абыройы екенін естен шығармауға тәрбиелеу.Әділ қазыларға сөз беріліп, бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы шығарылады. Ең үздік оқыған оқушылар «Сырлы тіл,Көркем сөз шебері,Ана тілің ,арың бұл,Озық тіл» номинациясымен марапатталды.Атап айтсақ «Көркем сөз шебері »номинациясымен Қуанышбек Ж.,Малгаждарова А, Нұғман А, «Озық тіл» номинациясымен Тулеуова А,Есіркесінова Д, Абдирова М, «Жүйрік тіл» номинациясымен Күлік Іңкәр,Кенжегулова А,Марат М марапатталды. Сайыс соңында бастауыш кафедрасының жетекшісі Жақсыбай қызы Гүлфайрус оқушыларға алғысын білдіріп,мақтау қағаздарымен марапаттады.
Өткізген: 2 Сынып жетекшілері ҚашқынбаеваН.Ш.,Сәрсенбекова Ә.Ж
Дата: 27.09.2013, 9:28 Автор: №7 МГ