1- қыркүйек күні "Ата заңым - айбыным" атты Конституция күніне орай ақпарат сағаты
1- қыркүйек күні "Ата заңым - айбыным"
атты Конституция күніне орай ақпарат сағаты өтті.
1- қыркүйек күні №7 мектеп – гимназиясының кітапханасында «Ата заңым - айбыным» атты Конституция күніне орай ақпарат сағаты өтті. Бұл іс-шараға 5 «А» сыныбының оқушылары, мектеп- гимназияның тәрбие- ісі жөніндегі мегерушісі және ата- аналар қатысты. Сынып сағатын сынып жетекші Нақыпбекова Ж.С, мектеп кітапханашысы Байжұманова С. ашып, қатысушыларды білім күнімен және мемлекеттік мерекемен құттықтай келе бұл мейрамның маңыздылығына тоқталды.
«1995 жылғы 30 тамыздареспубликалық референдумда қабылданған Ата заңымыз елдегі заңдылықтың жүзеге асуына, мемлекетіміздің демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды әрі қарай байытуды қамтамасыз етуге қажетті кепілдіктерді қамтып берді. Биыл біз Конституцияның он сегізінші жылдығын атап өтіп отырмыз.
Бұл мереке біздің егемен ел үшін, әрбір азамат үшін ерекше маңызға ие. Еліміздің Конституциясы негізгі қоғамдық қатынастарды бекітіп, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық негізінің дамуына серпін берді. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Келушілер назарына Қазақ хандығы тұсындағы Конституциялар туралы, ҚазКСР Конституциясы және Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Конституция туралы мәлімет берілді.
Сондай – ақ оқушылар да Конституция туралы ой-пікірлерін айта отырып, заңда берілген баптар мен ережелерді талдауға қатысты .Сынып сағатының соңын оқушылар жаттап келген тақпақтарын айтып, «Егемен Қазақстан» атты әуенмен аяқтады.
Дата: 2.09.2013, 9:09 Автор: №7 МГ